Бір күнде коронавирус пен “пневмониядан” 8 адам қайтыс болды

0
167

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұққаны тест арқылы расталған 6 адам және белгілері Covid-ке ұқсас пневмонияға шалдыққан 2 адам көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирустан барлығы 1594 адам қайтыс болған. 1-30 тамыз аралығында вирус пневмониясынан 292 адам көз жұмған. Соңғы бір айда пневмонияның осы түріне шалдыққандар саны 25 724-ке жеткен, 5591 адам жазылған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 7 379 адам емделіп жатыр. 30-ы – бала. Стационарда – 3811 науқас, амбулаторлық жағдайда 3568 адам емделіп жатыр. 197 адамның жағдайы – ауыр, 35 адамның жағдайы өте ауыр, 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсас науқастар есебін біріктіруге кеңес берген. Екі есепті қосқанда елде науқастар саны 131 596 адамға жетеді. Адам өлімі 1900-ға жуықтайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз