ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов қызметтен кетті

0
244
Бағдат Қожахметов.

Бағдат Қожахметов денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен екі жақты келісіммен босатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бағдат Қожахметов шілде айының соңында Диас Ахметшәріпті ауыстырып, ресми өкіл қызметін 29 қазанға дейін атқарды. Қожахметовтың айтуынша, ол жұмысқа кіріспес бұрын, министр Алексей Цойға әлеуметтік желіден хат жазып, өзін осы қызметке ұсынған. Осылайша өкілдік жұмысына келген Бағдат Қожахметов, екі жақты келісіммен қызметінен кетті.

“Мен бұл жерге бірнеше айға ғана келісіммен келген едім. Енді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі емеспін. Үш ай бұрын денсаулық сақтау министрлігіне коронавируспен ауырғаннан кейін ақ халатты абзал жандар алдындағы адамдық және азаматтық борышымды өтеу үшін келдім. Осы үш ай ішінде біз денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметін дамыттық, апта сайын баспасөз брифингтерін өткіздік” – деді Қожахметов.

Қожахметов 2011-2018 жылдары 31 арна телерадиокомпаниясының бас директоры қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз