ДСМ: өткен тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды

0
117

5 қазан күні Қазақстанда 60 адамнан коронавирус табылды. Бір күнде 90 адам дерттен айықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

ДСМ-ның сейсенбі күні таңертең таратқан хабарламасындағы ақпарат бойынша, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Қарағанды облысында 6 адамнан коронавирус анықталған. Шымкент, Ақтөбе қалас Ақтөбе, Қызылорда облыстарында ешкімнен коронавирус табылмаған.

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандардың жалпы саны 108 296 адамға жетті: 103 367-і жазылған, 1746-ы қайтыс болған. Вирус жұқтырғаны расталған бірақ “ілеспе аурудан қайтыс болды” деген жүздеген адамның өлімі Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмаған.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын вирустық пневмонияның есебін жүргізіп келеді. 4 қазанға дейін 33 608 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Оның 27 507-і жазылып шыққан, 360-ы қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз