ДСМ: Өткен тәулікте пневмониядан ешкім қайтыс болмады

0
126

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша өткен тәулікте пневмониядан ешкім қайтыс болмады. Ал коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды. 

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 262 адам анықталған. 46 науқас дерттен айығып шықты.1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 33 877 адамға жеткен, 361 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 27 563 жетті.

Қазіргі уақытта коронавируспен науқастанған 3 145 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 бала бар. Стационарларда 1 882 науқас жатыр. 1 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 89 адамның ахуалы нашар, 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Әлем бойынша инфекция жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты, ал қайтыс болғандар 1 054 604 адамға жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз