Ұйқыны алмастырған түнгі жұмыс ДНҚ-ға қауіпті

0
89

Оқи отырыңыз: Дұрыс ұйқы – денсаулық кепілі

Гонконг университетінің ғалымдары ұйқының жетіспеушілігінен және түнде белсенді болудан ДНҚ құрылымы бұзылады деген тұжырым жасады.

Зерттеушілердің бұл ғылыми еңбегін Anaesthesia журналынан оқуға болады.

Ғалымдардың мәліметінше, түнгі ауысымдағы жұмыс ДНҚ-ға зақым келтіреді, бұл өз кезегінде созылмалы ауруларды асқындырады. Зерттеу авторлары өздеріне жасаған тәжірибенің қорытындысына негізделе отырып осындай шешімге келген. Әрдайым түнде жұмыс істейтін дәрігерлер сараптамаға қан тапсырған. Оның қорытындысында ДНҚ зақымдану деңгейі жоғары болған, ал күндіз жұмыс істейтін дәрігерлердің көрсеткіші қалыпты. Мұның алдында Испанияның Ұлттық Жүрек-қан тамырларын зерттеу орталығының мамандары қысқа әрі қалың емес ұйқы атеросклероздың асқыну деңгейін өсіретінін анықтаған. Ал Еуропалық кардиологтар ең тиімді ұйқы уақыты тәулігіне алтыдан сегіз сағатқа дейін екендігін айтқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз