ЮНИСЕФ бала өліміне қатысты мәлімдеме жасады

0
260
ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда біраз жыл қатарына бала өлімі азайып келеді, бұл көбінесе азаматтардың әл-ауқатын арттыру және денсаулық сақтау жүйесіндегі үкімет пен халықаралық ұйымдар тарапынан инвестициялардың артуымен байланысты. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің есебінде мәлімделеді.

«Алайда, елде әлі күнге дейін алдын алуға мүмкіндік болса да, балалар мерзімінен бұрын қайтыс болады. Көп балалар өмірінің алғашқы жылдары тіршіліктен қол үзеді (2016 жылы, 68,4%). Мысалы, Қазақстанда 2015 жылы қайтыс болған 5 жасқа дейінгі 4799 баланың 77% -ы (3 719 бала) бір жасқа толмаған», – деп мәлімделеді баспасөз хабарламасында.

Пневмония және диарея – бұл негізгі жұқпалы аурулар, аталған сырқат түрлері әлемде бес жасқа дейінгі балалардың өліміне әкеп соғады, тиісінше өлімнің 16% және 8% құрайды. 2016 жылы ерте босану мен босану кезіндегі асқыну  жаңа туған нәрестелердің 30 % -ның өліміне себепші болған.

ЮНИСЕФ атап өткендей, бала өлімін тоқтау салудың  жолы жүктілік және босану кезінде білікті медицина қызметкерлеріне жүгіну; өмірге қажетті шараларды жасау, мысалы, иммундау, емшек сүтімен тамақтандыру, құны қымбат емес дәрі-дәрмек; әлемнің кедей қауымы қол жеткізе алмай жатқан су мен тазалыққа (санитария) қолжетімділкті кеңейту.

Мәселені шешу үшін ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүктіліктің 22 аптасынан бастап, босанғаннан кейінгі 7 күн мерзімінде өлім-жітімді талдаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәрестелер арасындағы өлім-жітім жағдайына жаңа көзқараспен қарауға, негізгі себептерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз