Көктемде түрлі вирустардан қалай сақтанған жөн?

0
207

Көктемнің құбылмалы ауа- райында денсаулықты қалай күткен жөн?  Əсіресе, жұқпалы аурулар мен шаршап- шалдығудың  алдын алуға бола ма? Бұл туралы  Baribar.kz сайты жариялады.

Қандай вирустан сақтану қажет?

Тұмау вирусы. Бұл вирустың генетикалық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Адам ағзасындағы иммундық жүйе оны аурудан қорғау үшін жаңа құрылымдарды анықтауға қауқарсыз болады. Ғалымдардың айтуы бойынша, соңғы 60 жылда тұмаудың мүлдем бөлек түрлері пайда болуда. Аурудың белгілері: әлсіздік, тамақтағы ауырсыну, дене қызуының көтерілуі. Бұл вирус олар пневмания және басқа да бактериялы инфекцияларды туғызумен де қауіпті. Аурумен күрес оның алдын алудан басталады: қолды жиі жуу керек, сұйық көп ішіп, дұрыс тамақтану қажет.

Аденовирус. Аталмыш вирус ағзаға тыныс алу жолдарымен және тамақ арқылы енеді. Симптомдары: құсу, іш өту, тұмау, кейде көздің қабынуы да байқалады. Аденовирустан сақтанудың басты жолы – қолдың тазалығы.

Риновирус. Бұл вирус ылғалды ұнатады. Сол себепті мұрын ішіне “орналасып” алады. Ауа-тамшылы жолдармен, сондай-ақ ауызға микроб түсуі арқылы енеді. Егер адамның иммунитеті төмен болса, риновирус асқынуға бейім болады. Вирус синусит (қойнаудың қабынуы), отитке (құлақтың қабынуы) дейін асқынатын тұмау тәрізді болады. Вирус түрлерінің көп болуымен, сондай-ақ асқынуымен қауіпті. Өкінішке орай, бұл вирусқа қарсы екпе жоқ. Сондықтан басты алдын алу жолы – жеке тазалықты сақтау және басты қару – иммунитетті нығайту. Ол үшін таза ауамен тыныстап, белсенді өмір салтын қалыптастырып, дұрыс тамақтану керек.

Қозғыш аллергия

Аллергиясы бар жандарға көктем – жылдың ауыр мезгілдерінің бірі. Оның ағзасы гүл тозаңдарынан қозып, поллиноз немесе шөп безгегін тудыруы мүмкін. Мамандардың айтуы бойынша, оны қоздыратын өсімдіктер тізбегі өте көп (1000-ға жуық). Солардың ішінде мыналар да бар:

  • қайың;
  • қандыағаш (қайың тұқымдас жапырақты ағаш);
  • жаңғақ ағашы;
  • емен;
  • үйеңкі;
  • шаған.

Кеңес:

  • Терезеге дымқыл мата іліп қойыңыз (селдір мата, дәке және т.б.), оны күніне екі рет ауыстырыңыз;
  • Өсімдіктер гүлдеп жатқан мерзімде қала сыртына шықпаңыз. Тозаңның жоғары концентрациясы таңертең 11:00-ге дейін байқалады, сондықтан бұл уақытқа дейін сыртқа шықпауға тырысыңыз;
  • Көшеге шығып келгеннен кейін киіміңізді міндетті түрде ауыстырыңыз, шашыңызды жуыңыз;
  • Жиі көзіңізді жуып, тамағыңызды сумен шайып отырыңыз;
  • Киіміңізді жуғаннан кейін көшеге ілмеңіз, себебі тозаңдар киімге оңай орналасып алады.

Тері бөртпелері

Көктем айларында терідегі безеулер мен бөртпелерге тек жеткіншектер ғана емес, 20-40 жастағы әйелдер де ұрынып жатады. Бұған себеп май бездерінің белсенділігінің төмендеуіболуы мүмкін. Егер адамның иммунинеті мығым болса, түрлі бөртпелерге қарсы күресе алады.

Күйзеліс

Жыл мезгілдері алмасқан уақытта адамдар жиі күйзеліске ұшырап жатады. Неге? Күн мен түннің қысқарып, ұзаруы себебінен адамның биологиялық сағаттары да өзгеріске түседі. Күйзеліс себебінен адам ағзасы әлсіреп, ешнәрсеге көңілі толмай, еңбектенгісі келмейді. Сондай-ақ жақындарымен сөйлесуден де қашқақтайды.

Кеңес:

  • уақытылсы ұйықтау;
  • дене шынықтырумен айналысу;
  • таза ауада жиі серуендеу;

Көктемнің шуақты күндерінде ағзаңыз аурумен күресіп қана алтын уақытыңызды алмасын. Ол үшін алдын ала сақтану шараларына мұқият болғаныңыз абзал.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз