Коронавирус жұқтырғандар 33 адамға көбейді

0
50
Медицина қызметкері жолаушының қызуын тексеріп тұр. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Қазақстанда тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 12 мамыр таңертеңгі сағат 9:25-те денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Атырау облысында вирус 17 адамға жұққан. Алматы қаласы – 3, Нұр-Сұлтан қаласы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1 адам.

Қазіргі мәлімет бойынша, індет тарағалы Қазақстанда жиынтығы 5240 адамға коронавирус жұққан. 2074 адам дерттен жазылып, 32 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз