Мадагаскарда обадан қайтыс болған адам саны артты

0
146

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Мадагаскар мемлекетінде оба індетінен қайтыс болған адам саны 90-нан асты деп хабарлайды 24kz.

Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, мемлекеттің 114 аймағының 37-не таралып үлгерген қауіпті індетпен 2017 жылды 1 тамызы мен 20 қазан аралығында 1153 адам шалдыққандығы тіркеліп, 300 дерт жұқтырған науқас зертханалық тексеруден өткен.

Ұйым қазіргі таңда жұқпалы індеттің ошағына айналып отырған мемлекетке антибиотиктің 1,2 миллион дозасын және зардап шеккендерге көмек ретінде 1 жарым миллион доллар қаржы бөлген. Дегенмен  ұйым өкілдері: «Мадагаскармен сауда байланысын және өзге қарым-қатынасты шектеудің қажеті жоқ», – деп есептейді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз