«Менингитке байланысты карантин жариялауға еш негіз жоқ» – Біртанов

0
60

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес бір аптаның ішінде 2000 адам менингитке шалдығатын болса карантин басталады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Елжан Біртанов ҚР денсаулық мақтау министрі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарты бойынша бойынша 100 мың адамның 10 менингитпен ауырса, яғни бір аптаның ішінде 2000 адам менингитке шалдықса карантин басталады. Ал бізде карантин жариялауға еш негіз жоқ. Әрине бұл мақсатта бізде жұмыстар жүргізілуде. Осы санға жетіп, қажеттілік туындап жатса бізде карантин жариялайтын боламыз.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері 58 адам менингит ауруын жұқтырып, оның 12-сі өліммен аяқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз