Министр: Коронавирус симптомы бар адамдар қызу басатын дәрілерді тегін алады

0
110
Дәрі-дәрмек маркалау.

Коронавирустың жеңіл симптомдары барлар, ПЦР тестінің нәтижесіне қарамастан тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емханадан дәрігердің кеңесі арқылы дәріні тегін алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Министрдің сөзінше, қазір жоспар бойынша 1 миллионға жуық адамға, 1,5 миллиард теңгеге дәрі сатып алынып, медициналық ұйымдарға таратылған.

Бұл шара инфекциялық және диспансерлік орталықтардың жұмысын жеңілдетеді, халықтың дәрі-дәрмек сатып алу үшін қалта шығынын азайтады және мемлекеттің стационарлық емдеуге арналған шығынын азайтады.”- деді министр Цой.

Алда болуы мүмкін деген коронавирустың жаңа толқынына байланысты дәрілердің екі айлық қоры қоймаларға жиналуда. Министрдің айтуынша, айына 60 000 науқасты емдей алатын стационарларға тапшы деген дәрілердің 44 түрі 8,2 миллиард теңгеге сатып алынып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз