Министрлік: Өткен тәулікте 1403 адам коронавирус жұқтырған

0
49
Photo: rbc.ru

5 шілде күні Қазақстанда 1403 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы дүйсенбі күні денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ресми деректе вирус жұқтырған 814 адамда ауру белгісі жоқ екені айтылған.

Вирус жұқтырғандар өсімі Атырау облысында қатты байқалады. Аймақта үшінші күн қатарынан 300-ден астам адамнан коронавирус анықталып жатыр. Жексенбі күні облыста 325 адамнан вирус анықталған. Індет басталғалы бері бұл аймақта барлығы 5791 адам вирус жұқтырған.

Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны қазір 48574 адамға жетті. Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Нұр-Сұлтан — 5889 (+95 жаңадан қосылды),
  • Алматы — 6201 (+113),
  • Шымкент — 3555 (+84),
  • Ақмола облысы — 1452 (+32),
  • Ақтөбе облысы — 1742 (+32),
  • Алматы облысы — 2640 (+71),
  • Атырау облысы — 5791 (+325),
  • Шығыс Қазақстан обылысы — 2116 (+96)
  • Жамбыл облысы — 1730 (+59),
  • Батыс Қазақстан облысы — 3295 (+103),
  • Қарағанды облысы — 5243 (+81),
  • Қостанай облысы — 1098 (+17),
  • Қызылорда облысы — 1449 (+40),
  • Маңғыстаус облысы — 1577 (+124),
  • Павлодар облысы — 1408 (+53),
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 1399 (+17),
  • Түркістан облысы — 1989 (+61).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз