Назарбаев денсаулық сақтауға 120 млрд теңге бөлуді міндеттеді

0
16
дереккөзден

Мемлекет басшысы “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде барлық аймақта медициналық көмектің сапасын жақсартуға байланысты шараларды атады. Бұған 120 млрд теңге бөлінеді. 

“Тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізу керек. Отандық медицинаға, бәрінен бұрын, сауықтыру мен салауатты өмір салтын тұрақтандыруға бет бұру керек”, – деген Н.Назарбаев қоғамдық денсаулық сақтау мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бөлінетін қаражат денсаулық сақтауды жалпы қаржыландыруда 40 пайыздан 60 пайызға өсу қажеттігін алға тартты.

“Медицинаны халыққа жақын ету керек. Бұл міндетті дамыту үшін қосымша 120 млрд теңге бөлуді тапсырамын”, – деді мемлекет басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз