Неміс ғалымы қазақстандық алманың “ерекше қасиетін” анықтады

0
114

50 жылдық тәжірибесі бар, Германияның жетекші аллергологы Карл-Кристиан Бергманн қазақстандық алманы “нағыз қазына” деп атады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Оның айтуынша, Германия халқының 16 пайызының тозаңға аллергиясы бар. Көбі алма жей алмайды. Осы мәселеге қатты алаңдаған ғалым ұзақ жылдар бойы шешімін іздепті. Бір күні қолына қазақстандық алма түскен. Бергманн еуропалық алманың түпкі тегі саналатын қазақстандық жемістер аллергия тудырмайтынын анықтады. Құрамында антиоксидант көп және аллергендер өте аз болған. Ғалым зерттеу жүргізіп, аллергиясы бар 100 адам 3 ай бойы осындай алманы жеп жүрген. Зерттеу нәтижесі бәрін таң қалдырды. Тәжірибеден кейін аллергиясы бар адамдар кез келген алманы қабылдайтын болып, тозаң әсер етпеген.

Карл-Кристиан Бергманн, аллерголог:

– Германияда алмаға аллергиясы бар бір миллионнан астам адам бұл жемістен бас тартқан. Бірақ менде емделіп жүрген бір науқас алманың кейбір түрлерін жей алатынын айтты. Оның қандай ерекшелігі бар деп таңқалдым. Кейін Қазақстанның алмасының құрамында аллерген өте аз екенін анықтадық. Бұл – ғажап жағдай. Енді біз аллергия тудырмайтын, кез келген ағзаға пайдалы болатын алманың түрін қайта шығаруды мақсат тұтып отырмыз. Қазақстанның осындай алманы өсіріп, экспорттауға керемет мүмкіндігі бар. Елдеріңіздегі ғалымдармен бірлесіп, алманың осы түрін зерттеуге дайынбыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз