Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау саласы дамып келеді

0
86
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

29 қаңтар күні Президент Назарбаевтың қабылдауында болған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 – 2015 жылы онкология, кардиология, ана мен бала, травматология сияқты 4 бағыттың қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін анықтау мақсатымен денсаулық сақтау саласына талдау жасадық. Сонымен қатар, дәрігерлер даярлаудың үш деңгейлі жүйесін әзірледік. Бұл Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінде білім беру, шеберлік сыныптарын өткізіп, шетелде оқыту ісін қамтитын болады. Біз осы жұмысты одан әрі жалғастыра береміз, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

 Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз