Темекінің миға беретін зияндары

0
232

Англияда денсаулық атты науқанда темекі шегу – өкпемен қоса ми секілді негізгі мүшелерге келтіретін зияны ауқымды түрде насихатталды.

Темекі түтінінің құрамындағы зиянды заттар қанды қалай кірлететінін, кейін осы лас қанның денеде қалай айналатынын және сал ауруына қалай себеп болатыны көгілдір экрандарда көрсетіліп, темекіні тастату көзделген осы науқанда «Зияндарын шынымен ұғына алсаңыз темекіні тастар едіңіз» деген жолдама берілді.

Темекі шегетіндердің ми тамырларының бітелуі немесе миға қан кетуі салдарындағы өлім саны, темекі шекпейтіндерге қарағанда екі есе көп. Темекі шегуге әдеттенгендердің есте сақтау қабілетінің нашарлауы, склероз дертіне шалдығу қауіпі жоғары.

Англиядағы медицина маманы профессор Салли Дэвис: «Темекінің жүрек пен өкпеге беретін зияндарын көпшілігіміз білеміз. Бірақ темекі шегетіндер темекі түтіні арқылы қанға араласатын зиянды заттардың ми және басқа да маңызды мүшелерде жол ашатын ақауларды саналы түрде ұғына білуі қажет. Темекі мезгілсіз өлімдердің басты себебі. Темекі шегетін әр екі адамның бірі темекіге қатысты туындайтын ауру кесірінен ерте көз жұмады. Адамдардың әлі күнге дейін темекінің беретін зияндарын елемейтіндігі өте өкінішті» дейді.

Профессор Дэвис сонымен қатар темекіні тастағандар сал ауруына шалдығу ықтималдығы өмір бойы темекі шекпеген адамдай деңгейге бес жылдан кейін ғана жететінін мәлімдеді. Профессор Кевин: «Катран, мышьяк, сутегі цианиді т.б. Бұлардың барлығы қатерлі ісікке жол ашатын әсерлер қалыптастыра алады немесе қан тамырларында ақауларға себеп болады» дейді. Мамандар ең дұрысы темекіні тастауға шешім қабылдап, өзін осы ниетте жігерлендіріп, темекіні үзілді-кесілді тастауға кеңес берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз