Өткен тәулікте 2 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

0
63

13 шілде күні Қазақстанда 1856 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Облыста бір күнде 225 адамнан COVID-19 анықталған. Алматы қаласында 220 адамның, Нұр-Сұлтан қаласында 211 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған. Кейінгі аптада вирус жұқтырғандар саны күн сайын шамамен 300 адамға артып отырған Атырау облысында 190 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысы – 8118 (+190 адам жаңадан қосылған),
Алматы қаласы – 7811(+220),
Нұр-Сұлтан қаласы – 6899 (+211),
Қарағанды облысы – 6346 (+102),
Шымкент қаласы – 4147 (+80),
Батыс Қазақстан облысы – 4128 (+138),
Шығыс Қазақстан облысы – 3237 (+225),
Алматы облысы – 3209 (+79),
Ақтөбе облысы – 2349 (+171),
Түркістан облысы – 2301 (+59),
Жамбыл облысы – 2267 (+78),
Маңғыстау облысы – 2073 (+24),
Павлодар облысы – 1876 (+73),

Қызылорда облысы -1846 (+62),
Солтүстік Қазақстан облысы – 1770 (+59),
Ақмола облысы – 1727 (+39),
Қостанай облысы – 1651 (+46).

Ресми дерек бойынша, эпидемия басталғалы Қазақстанда барлығы 61 755 адамның КВИ жұқтырғаны расталған. Аурудан 34 190 адам жазылып шығып, 375 адам қайтыс болған. КВИ жұқтырған бірақ “өлімінің себебі басқа” деген 101 адам COVID-19 өлімі статистикасына кірмеген.

Қазақстан коронавирус індеті өршіген тұста пневмонияға шалдыққандар саны да күрт артты. 2020 жылдың алғашқы алты айында 98 546 адам пневмонияға шалдыққан. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 55,4 пайызға артық. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында пневмонияға 63 436 адам шалдыққан.

Егер қаңтар мен маусым аралығындағы алты айда пневмониямен 98 мың адам ауырса, шілденің бірінші аптасының өзінде (1-8 шілде) 56 809 ауырған. Оның ішінде 39 702 жағдайда ПТР нәтижесі теріс шыққан, бірақ ауру белгілері коронавирустікіне ұқсаған.

Билік шілдеде пневмониядан қайтыс болғандарды жүйелі түрде хабарлап отырған жоқ. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі маусым айында пневмониядан 628 адамның, 29 маусым мен 7 шілде аралығында 453 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз