Өткен тәулікте 2 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

0
48
Photo: interfax

8 шілде күні Қазақстанда 1962 адамнан коронавирус табылған. COVID-19 анықталған 1209 адамда ауру белгілері байқалмаған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Вирус жұқтырғандардың үштен бір бөлігі Атырау облысында тіркеліп отыр. Облыс кейінгі апталарда дертке шалдыққандар бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Осыған дейін мұнайлы облыстағы кен орындарынан эпидемия ошағы анықталған болатын. Облыс вирусты жұқтырғандар бойынша кеше Нұр-Cұлтан қаласынан озса, бүгін көш басында тұрған Алматыдан озды. Өңірде барлығы 6814 адамнан коронавирус табылған. Алматыда – 6678 адам, Нұр-Cұлтанда 6177 адам.

Қазақстанда барлығы 53021 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысында – 6814 (+658 жаңадан қосылды),
Алматы қаласында – 6678(+177),
Нұр-Сұлтан қаласында -6177(+120),
Қарағанды облысында – 5670 (+150),
Шымкент қаласында – 3720(+61),
Батыс Қазақстан облысында – 3600 (+91),
Алматы облысында – 2831 (+81),
Шығыс Қазақстан облысында – 2426 (+113),
Түркістан облысында – 2079 (+28),
Ақтөбе облысында – 1939 (+89),
Жамбыл облысында – 1923 (+57),
Маңғыстау облысында – 1742 (+70),
Павлодар облысында – 1564 (+57),
Ақмола облысында – 1547 (+35),
Қызылорда облысында -1515 (+28),
Солтүстік Қазақстан облысында – 1482 (+36),
Қостанай облысында – 1314 (+111).

Өткен тәулікте COVID-19 ауруынан 988 адам жазылып шыққан. Сонымен қатар кеше 3 маусым мен 8 шілде аралығында 17 221 мың адамның коронавирус ауруынан амбулаториялық емдеу арқылы жазылып шыққаны хабарланды. Бұл адамдар ауруханаға жатпай, үйінде жатып емделген.

COVID-19 ауруынан жазылғандардың жалпы саны – 35 137.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз