Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

0
108
Photo: AFP

Қазақстанда өткен тәулікте 51 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Бір күнде 16 адам жазылып, пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 тамыздан бері 35 965 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 28 223 адам жазылған, 382 адам қайтыс болған.

18 тамыз күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирустан барлығы 1796 адам көз жұмған.

Қазір 2 682 адам коронавирустан емделіп жатыр, 125-і – бала. Стационарда – 2 055 адам, амбулаторлық жағдайда 627 адам емделіп жатыр. 81 адамның жағдайы – ауыр, 12 адамның жағдайы – өте ауыр, 12 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз