Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмды

0
66

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері 1 699 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте 45 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Елде жалпы ауырғандар саны 107 307 адам. Жазылғандар саны 101 914 адамға жеткен.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 667 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 97 адамның ахуалы нашар, 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 62 адам анықталған. Өткен тәулікте пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болған, 40 адам жазылған.

1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 31 148 адамға жеткен, 344 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 26 709 жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз