Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті

0
84

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 299 адам анықталған. 1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 799 адамға жеткен, 353 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 27 169 жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері коронавирустан 1 731 адам қайтыс болған.

Коронавирус инфекциясы 75 адамнан анықталған, аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 16
  • Алматы қаласы – 5
  • Ақмола облысы – 1
  • Алматы облысы – 3
  • Ақтөбе облысы – 2
  • Атырау облысы – 1
  • ШҚО – 22
  • БҚО – 3
  • Қарағанды облысы – 5
  • Қостанай облысы – 2
  • Павлодар облысы – 6
  • СҚО – 5

Елде жалпы ауырғандар саны 107 908 адам. Дерттен 69 адам жазылып шыққан, аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1
  • Шымкент қаласы – 47
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Қостанай облысы – 1
  • СҚО – 2
  • Түркістан облысы – 15

Жазылғандар саны 102 805 адамға жеткен.

Қазіргі уақытта коронавируспен науқастанған 3 303 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 56 бала бар. Стационарларда 1 881 науқас жатыр. 1 422 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 90 адамның ахуалы нашар, 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз