2019 жылы елде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

0
94
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады, бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Министр 2018 жылыдың қорытындысы бойынша Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1%-ке өскенін мәлімдеді. Бұл тау-кен секторының 4,6%-ке және өңдеуші өнеркәсіптің 4%-ке озық қарқынмен өсуі есебінен орындалды.

Оның айтуынша, негізгі драйверлер-машина жасау (өсім 14,1%), химия өнеркәсібі (8,1%), мұнай өңдеу (8,1%), жеңіл өнеркәсіп (4,4%) және мұнай мен газ өндіру (4,8%) салалары.

Жеңіс Қасымбек: «2018-ші жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 14,7 мыңға жетті. Жалпы алғанда өнеркәсіп бойынша еңбек өнімділігі 3,5%-ке, негізгі капиталдағы инвестициялар –27%-ке (2018 жылдың 12 айында – 6,6 трлн. теңге) өсті. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде  (2010 жылдан бастап) жалпы құны 7,9 трлн. теңге болатын 1 250-ден астам жоба іске қосылып, 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал, 2018-ші жылы құны 1,3 трлн. теңге болатын 100 жоба іске қосылып, 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. 2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», – деп атап өтті.

Сонымен қоса цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2022 жылға қарай тау-кен металлургия кешені мен өңдеу өнеркәсібінің 100-ден астам кәсіпорынына инновациялық және цифрлы технологияларды енгізу жоспарланып отыр.

Биыл тау-кен металлургия, химия, құрылыс және тамақ өнеркәсібінің 32 кәсіпорына инновациялық және цифрлы технологиялар енгізілетін 38 жоба іске асырылатын болады дейді министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз