2020 жылы Қытай экономикада АҚШ-ты артта қалдырады – сараптама

0
118
дереккөзден

АҚШ 2020 жылға қарай ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) бойынша әлемдегі экономикада алпауыт держава болмайды, ал аталған жылдан бір жыл кейін бұл қатарда үшінші орынға сырғиды, есесіне Қытай мен Үндістан алға шығады. Мұндай болжамды Standard Chartered банкінің сарапшылары жасаған. Бұл турасында Bloomberg хабарлайды.

Болжамдары барысында сарапшылар сатып алу қабілетін АҚШ долларында ЖІӨ-нің номиналды мөлшерін теңдестіріп, салыстырған.

Мамандардың пікірінше, 2020 жылы Қытай әлемнің ірі экономикасына айналады. Аспан астының сатып алу қабілетінің тепе-теңдігіне сәйкес ІЖӨ 64,2 триллион долларға жетеді. Қытайдан кейін бұл қатарға Үндістан жайғасады (46,3 триллион доллар),үшінші орында АҚШ (31 триллион доллар).

“Мұндай өзгеріс әлемде орта тапты қамтамасыз етеді. 2020 жылға қарай әлем халқының басым бөлігі орта тапқа жатады. Азия бұл тұрғыда жетекші орын алса, Батыста тоқырау байқалады” – Standard Chartered .

Бас айналдырар ұшпаққа Индонезия шығуы мүмкін: 2020 жылға қарай Индонезия ІЖӨ бойынша жетекші 10 елдің қатарында жетінші орынға табан тірейді, ал 2030 жылға қарай төртінші орынға жылжиды. Бұдан өзге Standard Chartered бағамдауына сәйкес, ІЖӨ бойынша Түркия, Бразилия және Мысырдың ұстанымдары айтарлықтай жақсарып, 2030 жылы бұл қатарда сәйкесінше, бесінші, алтыншы, жетінші орынды иеленеді.

2030 жылға ІЖӨ бойынша сараптама

Бұған дейін экономика ауқымы бойынша жетекші тізімде алғашқы үштікті бермей жүрген Жапония мен Германия 2030 жылы ондықтың соңына жайғасады, сәйкесінше, аталған елдерге тоғызыншы, оныншы орын бұйыруы әбден мүмкін. Сарапшылардың болжамына сәйкес, Ресей бұл қатарда сегізінші орынға орнығады, ал 2020 жылы қазіргі тұрақтаған алтыншы орыннан беске көшеді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз