Апта соңында теңге бағамы нығая түсті

0
85

Апта соңында теңге бағамы біршама нығая түсті. KASE-дегі таңертеңгілік сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы кешегі күнмен салыстырғанда бір доллор үшін үш теңгеге төмендеді.

3 мамырда өткен таңертеңгілік сессияның қорытындысы бойынша бір доллардың құны 331 теңгені құраса, бүгін теңге бағамы бір доллар үшін 328,90 теңгемен өтті.

Сауда көлемі 112,1 миллион доллар, ұлттық валютаны айырбастау бағамы 326-331 теңгені құрайды.

Астана уақыты бойынша сағат 11.00-ге Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 73,59 доллар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз