Еліміздің резервтері 90 миллиард доллардан асты

0
50
фото ашық дереккөздерден алынды

Қазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард доллардан асты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

«Теңге бағамының салыстырмалы тұрақтануының аясында жыл басынан бері алтын валюта резервтерінің 11,6%-ға артқанын есепке алғанда, 32,9 млрд. АҚШ долларына жетті, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері 90,9 млрд. АҚШ долларына дейін өсті (жыл басынан бергі өсім 0,1%) », – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қаржы нарығындағы жағдай едәуір жақсарды. Бұл жылдың 1 тамызынан былай қарай жыл басымен салыстырғанда несиелер  0,7%-ға өсіп, 12,8 трлн. теңгеге жетті. Алайда жоғары пайыздық мөлшерлеме (14,6%) экономикаға инвестициялау үшін несие алуды әлі де қиындатып тұр.

«Бұл Ұлттық Банк жасаған жағдаятты шолуларда расталып отыр. Шолуда бұл жылдың екінші тоқсанында кәсіпорындардың айналмалы және негізгі қорларының бағаға қатысты (мөлшерлеме және комиссия) және бағаға қатысты емес (көлемі мен мөлшері, кепілдік, қарыз алушының қаржылық жағдайы) несие шарттары айтарлықтай нашарлаған. Сонымен бірге инфляцияның бәсеңдеуі барысында, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі біртіндеп төмендеп келеді, ол бүгінгі күні 10,25%-ды құрайды – жыл басы қарағанда 1,75 пайыздық тармаққа азайды. Бұл ақша нарығында несиелерді қоса алғанда мөлшерлемені төмендетуіне әсер етуі қажет. Ұлттық Банктің қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесе жасап жатқан қаржылық секторды қалпына келтіру шаралары экономиканы несиелеуді жандандыруы мүмкін деп есептейміз», – деп мәлімдеді Руслан Даленов.

Сондай-ақ, ол әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың жақсаруына байланысты сыртқы сұраныстың қалпына келетіні туралы әңгімеледі. «Бұл экспорттың өсуіне әкелді – 35,3%-дан 26,9 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт бойынша – 20,1%-дан 16,0 млрд. АҚШ долларына дейін. өсті. Нәтижесінде сауда балансы 7 айда 65,9%-ға артып, 11,0 млрд. АҚШ долларына жетті », – деп түйіндеді вице-министр.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз