Ірі сауда орталықтары мен кинотеатрлар салықтан босатылуы мүмкін

0
66

Қазақстанда ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен театрлар, спорт нысандары бір жылға мүлік салығынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

“Бұл санаттағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді бір жылға мүлік салығынан босату ұсынылып отыр”, – деді Дәленов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату, үшінші тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қарастырылған.

Бұдан бөлек, үкімет “Бизнестің жол картасы-2025” және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламаларын синхрондау аясында кәсіпкерлерді несиелендіру 400 миллиард теңгеден 1 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

“Ақша, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге беріледі”, – деді министр.

Сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген режімде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз