Жанар-жағармай тапшылығы жоқ – Бозымбаев

0
71

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев отандық мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы сөз қозғады.

Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында «Жыл басынан бері мұнай және конденцат өндірісінің көлемі 29 миллион 900 мың тоннаны құрады. Бқл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық. Үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 17,9 млн. тоннаны құрады, оның ішінде Қашаған кен орнында 3,8 млн тонна, Теңізде 9,9 млн тонна, Қарашығанақта 4,2 млн тоннаМұнай экспорты көлемі 24.1 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстыра қарағанда 4.3 пайызға ұлғайды», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Министр мұнай өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскенін алға тартып,

«Үш мұнай өңдеу зауыттары 3 млн 600 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерін шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайыздан жоғары көрсеткішке жетті. Жыл басынан бүгінге дейін мұнай өнімдерінің нарығында жағдай тұрақты, жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды», деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз