Энергетика және Ұлттық экономика министрлігіне тарифтерді төмендету жүктелді

0
76

Энергетика және Ұлттық экономика министрлігіне тарифтерді төмендету жайлы тапсырмалар жүктелді. Аталған министрліктерге міндеттелген тапсырмалар жайында бүгін Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Қазіргі уақытта республикада электр энергиясын өндірудің құнын айқындау әдістемесі даярлануда. Табиғи монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын мемлекеттік бақылау және монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді әзірлеу жұмыстары басталды.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкімет басшысы: Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендететін жүйелі шараларды әзірлеу міндеті жүктелді. Біріншіден, тарифтерді қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Екіншіден, баға саясатына мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейтіп, тарифтерді төмендету үшін қажетті шараларды қабылдау керек.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика және Энергетика министрлігіне жүктеген тапсырмаларының соңында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жариялағанын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз