Jýsan Bank-ке жаңа басшы тағайындалды

0
182
Photo: inform.kz

“First Heartland Jýsan Bank” (Jýsan Bank) АҚ басқармасының жаңа төрағалығына  Қайып Айбек Төребекұлы тағайындалды.

Оған дейін бұл қызметті Бекжан Пірматов атқарған.

“Jýsan Bank First Heartland Bank-пен бірігуді табысты аяқтады, жаңа даму стратегиясын қабылдады және бүгінгі күні Қазақстандағы банк активтерінің көлемі бойынша бесінші орында, сондай-ақ Орталық Азиядағы ірі қаржы институттарының бірі. Біз Қайып Айбек Төребекұлы мырзаның мол тәжірибесі мен білімі елдің озық технологиялық әмбебап қаржы институтының трансформация стратегиясын жүзеге асыруда Jýsan Bank-тің одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтеміз”, -деді Jýsan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

Айта кетейік, Айбек Қайып 2010 жылдан бастап қаржы жүйесінде жұмыс істейді, HSBC банкінде ресурстар мен энергетика секторының талдаушысы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ Ресей Сбербанкінде жетекші менеджер болды. 2016 жылдан бастап инвестициялық және қаржы компанияларында басшылық қызметтерін атқарды. 2018 жылы First Heartland Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы, ал 2019 жылы Jýsan Bank Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз