Көмір бағасы өсуінің себебі – делдалдардың спекулятивтік қосулары

0
98

Оперативтік мәліметтер бойынша, осы жылдың 9 айында ішкі нарыққа 55,8 млн. тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде 40,5 млн. тонна көмір энергия өндіруші кәсіпорындарға жеткізілген. 2016 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 34,5 млн. тонна деңгейінде еді.

Осы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 8,0 млн. тонна жеткізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 млн. тоннаға артық, деп хабарлайды ҚР Энергетика Министрлігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 5 қазандағы жағдай бойынша, өңірлердегі қоймаларда көмірдің көлемі жеткілікті. Мысалға, Кентау қаласындағы көмір қоры 37 мың. тонна, Түркістан қаласындағы көмір қоры 5 мың. тоннаны құрайды. Көмірдің бағалары: Шұбаркөл – 12,5 мың теңге, Майкөбе – 8,5 мың теңге.

Қарағандының көмір қоймалары толтырылған, бір тонна көмірдің бағасы 6 мың теңгеден бастап (Сарыадыр көмірі) 11 мың теңгеге дейін (Шұбаркөл көмірі).

Астананың екі көмір қоймасында шұбаркөл көміріне жоғарғы баға 14 мың теңгені құрайды (Майкөбе көмірі – 8,5  мың теңге).

Алматыда бір тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден бастап (Қаражыра көмірі) 23 мың теңгеге дейін (Шұбаркөл көмірі).

Карьерден немесе шахтадан көмірдің жіберілетін бағасы айтарлықтай көп еместігін атап өтеміз. Түпкілікті тұтынушылар үшін оның бағасының өсуіне теміржол тарифтері және делдалдық ұйымдардың «қосулары» айтарлықтай әсер етеді. Бұл ретте  коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады.

Атап өтерлігі, өңірлерде көмірді сатып алу және халық үшін тарату жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жатады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «ҚТЖ» АҚ тарапының жылу маусымы кезінде көмір тиейтін жылжымалы құраммен уақытында қамтамасыз етілуін, ал ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тауар биржалары қызметін бақылау шараларын қабылдауы қажет.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз