Kaspi Gold арқылы жасалған аударымдар бақылауға алынады

0
543
Қазақстанның қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.

Үкімет отырысында Қазақстанның қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев Kaspi Gold төлемдері жай ғана танымал механизм емес, сонымен қатар өте маңызды жүйе екенін мойындайтынын айтты.

Өйткені мобильді қосымша арқылы ақша аударымдарының жүруі арқасында қазақстандықтардың көбі қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшуде.

Оның айтуынша, ведомство бастапқыда “Kaspi аударымдарына” тыйым салуды жоспарлаған, өйткені операциялар “Салық кодексіне” сәйкес келмеген.

“Төлем жүйелері туралы заң тұрғысынан ол талаптарға сәйкес келеді, бірақ Салық кодексі мен фискализация тұрғысынан сәйкес келмейді. Біз бұл механизмге тыйым салуды ойластырдық, бірақ тұтастай алғанда бұл біздің экономикаға оң әсер етпеуі мүмкін. Бұл мәселені біз Ұлттық банк және Kaspi Bank-пен талқылап жатырмыз.”,- деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту деңгейі бойынша ең дамыған елдердің бірі, сондықтан ведомство трендті сақтау үшін Kaspi Gold жүйесі арқылы төлем жасау мүмкіндігіне тыйым салмауды шешкен.

“Бұл өте маңызды. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің 10% – ға өсуі ЖІӨ-нің 1% – ға өсуіне мүмкіндік береді. Біз бұл динамиканы сақтап қалғымыз келеді. Бірақ оны дұрыс, заманға сай жасауымыз керек”, – дейді Еңсебаев.

Вице-министрдің айтуынша, қосымша арқылы ақша аудару – шағын кәсіп иелері үшін өз табысын салық органдарынан жасырудың оңтайлы жолы.

Вице-министр қазіргі кезде Kaspi Bank мұндай аударымдарды бақылау тетіктерін әзірлеп жатқанын айтып өтті. Уақыт өте келе, олар онлайн-кассалық-бақылау құрылғы ретінде пайдаланылып, Мемлекеттік кірістер комитетінің талаптарына сай болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз