Каспий кенішін игеру жобасынан екі ірі инвестор бас тартты

0
142
Қашаған кенішіндегі аралдардың бірі. Photo: ehonews.kz

21 қазан күні Каспий теңізінің Қазақстан секторында тұрған Royal Dutch Shell британ-нидерланд мұнай компаниясы Қашаған кенішіне таяу маңдағы Хазар кенішін игеру туралы келісімнен шығатынын хабарлаған. 

Қазақстанның мемлекеттік “ҚазМұнайГаз” компаниясы 900 миллион доллар салған Shell компаниясы “табысы аз болғандықтан” Хазар кенішін игеруден бас тартқанын мәлімдеді. Кеніште 40 миллион тонна мұнай және 10 миллиард текшеметр газ бар деп есептеледі.

Азаттаық сайтының хабарлауынша, алдағы уақыта Хазар кеніші бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын Қазақстанға қайтару процесі басталады. Бұған дейін ол бақылау пакетін алған Shell компаниясына тиесілі болған.

Қазақстанның энергетика министрлігі 21 қазанда “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы мен арасында Shell компаниясы да бар бірқатар шетелдік компаниялар кіретін NCOC консорциумы Қаламқас-теңіз кенішін игеруден бас тартқанын хабарлады.

Егер қазан айының соңына дейін даму жоспары бекітілмесе, Қаламқас-теңіз кеніші бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы да мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Ондай жағдайда Қазақстанның кенішті игеретін жаңа инвестор тарту мәселесін қарастыруына тура келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз