Коммуналды қызмет құны қымбаттады

0
217
дереккөзден

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпарына сәйкес, тұрғын үй коммуналды шаруашылық тарифы биылғы жылдың І тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 8.1 %-ға ұлғайған.

Атап айтқанда, қатты отын (+15.2 %), ыстық су (+11.7 %), қоқыс жинау (+11.5 %), орталық жылыту (+10.9 %), орталық газбен қамту (+9.8 %), баллонды газ (+5.8 %), электр энергиясы (+5.8 %), суық су (+4.0 %), кәріз (+3.1 %) қызметтерінің құны өскен.

Осы жылдың басында елде орталық жылу мен ыстық судың (+3.5 %), электр энергиясының (+3.4 %), қоқыс шығарудың (+3 %), тұрғын үй тазалығының (+2.2 %), тарату желілері арқылы тасымалданатын газ (+1.9 %) , суық судың (+ 0.9 %), кәріз жүйесі қызметінің (+0.8 %) құны өскен.

Әр аймақта коммуналды қызмет құны қандай?

Астанада орталық газбен қамту (+6.5 %) және баллонды газдың (+2 %) құны өссе, Алматыда орталық жылу беру (+8.3 %) , ыстық су (7.1 %) және тұрғын үйді тазалау қызметінің (+6.1 %) бағасы көтерілген, деп жазады krisha.kz.

Наурыз айының соңындағы қорытындыға сәйкес, елдегі тұрғын үй шығындары бойынша ең төменгі тариф Қарағанды қаласында тіркелді (1 шаршы метріне 15 теңге), шекті тариф Шымкентте (6 827.91 теңге).

Орталық жылу қызметіне республика бойынша Павлодар қаласының тұрғындары аз төлейді (қосымша құн салығын есепке алмағанда 1 Гкалына 2 596.76 теңге), ал Шымкент қаласының тұрғындары көп төлейді (6 827.91 теңге).

Астана қаласының тұрғындары үшін ыстық су құны арзан (1 куб метріне 159.14 теңге), ал алматылықтар ыстық суға керісінше көп төлейді (515.71 теңге).

Суық су үшін павлодарлықтар аз қаражат жұмсаса (1 куб метріне 44.41 теңге), Ақтауда бұл сома айтарлықтай көп (234.3 теңге).

Кәріз қызметінің құны республиканың өзге қалаларынан қарағанда Жезқазғанда арзанырақ (1 куб метріне 17.84 теңге), ал Қарағандыда бұл қызмет түрінің құны жоғары (96.41 теңге).

Қоқыс шығару қызметінің құны Ақтөбе қаласында төмен (адам басына 102 теңге), Алматыда жоғары  (341 теңге).

Орталық газбен қамту құны Атырауда төмен (куб метріне 8.47 теңге), Алматыда жоғары (куб метріне 34.75 теңге).

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз