Коронавирус Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің экономикасын тежеуде

0
111
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин.

Әлемдік және Қазақстан экономикасын коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты 2020 жылы айтарлықтай құлдырау күтуде. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.

Үкімет басшысы отандық “Samruk Business Forum” кәсіпкерлерін қолдау форумында сөз сөйлеп және бүгінде дамыған елдердің өнеркәсіптік және сауда протекционизмінің аясында әлемдік экономикада белгісіздіктің жоғары дәрежесі сақталатынын атап өтті.

“Өткен жылы әлемдік сауданың өсу қарқыны соңғы жылдары рекордтық төмен көрсеткіш 1%-ға дейін төмендеді. Өкінішке орай, әлемдік сауда және өндірістік процестердің одан әрі бәсеңдеуінің маңызды факторы коронавирустың осы жылғы өршуі болып табылады. Әлемдік қаржы институттары 2020 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 2,8% – ға дейін төмендетті. Бұл 2009 жылдың қаржы дағдарысы басталғаннан бері ең төмен көрсеткіш. Өсімнің баяулауы Қазақстанның барлық ірі сауда әріптесі бойынша болжануда”, – деді Асқар Мамин.

Ол алдағы уақытта тауарларға сұраныстың әлсіреуіне байланысты сыртқы және ішкі өткізу нарықтарында бәсекелестіктің күшеюі күтілетінін атап өтті.

“Осыған байланысты бізге қосымша шаралар қолданып, қолданыстағы өндіріс пен жұмыс орындарын сақтау қажет. Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия сияқты экономикалық табысты елдердің тәжірибесі ұлттық экономиканың тұрақты өсуі ішкі өндірістің қарқынды дамуы мен өнеркәсіптік өзін – өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруда қалыптасқанын көрсетеді”,-деп толықтырды премьер-министр.

Оның айтуынша, ірі корпорацияларға шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен ынтымақтасу өте маңызды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз