Әлемнің ең үлкен теңіз үсті көпірі бітуге таяды

0
211

23 қазан күні әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылады. Гонконг, Макао және Жуаи қалаларын байланыстыратын көпірдің ұзындығы 54 шақырым.

BBC таратқан хабарда, “бұл тек қарқынды құрылыстың ғана көмегімен біткен жоқ. Ауқымды жоба 6 жыл бойы жоспарланып, 8 жылда жасалды.  Сонымен қатар, кемелердің өтуі үшін 6,7 км туннель және 625 метрлік жасанды арал салынды”, – деп жазылған.

Қытай “Үлкен Бэй” аумағы аталатын бұл жердің ауқымды экономикалық хабқа айналарына сенеді.

Қытай жері мен басқа да қалаларға тауар жеткізу үшін, уақытты үнемдеуде көпірдің тигізер көмегі мол. Сондай-ақ әлемнің ең үлкен Гонконг әуежайы мен Қытай арасындағы жол қысқаратын болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз