Ұлттық банк 100 теңгелік жаңа монеталарды айналымға енгізді

0
443

Ұлттық банк “Дала қазынасы” сериясымен “Jeti Qazyna” монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы ұлттық банктің ресми сайты хабарлады.

“Jeti Qazyna” монеталары ұлттық нақышта жасалып, елтаңба орнына жеті қазынаның суреті мен есімі жазылады. Олар: “ER JIGIT”, “SULÝ ÁIEL”, “QUMAI TAZY”, “AQYL BILIM”, “BEREN MYLTYQ”, “JÚIRIK AT”, “QYRAN BÚRKIT”.

Монеталардың барлығы жарамды. Оларды тауар сатып алғанда және әр-түрлі төлем жасағанда пайдалануға болады. Монеталардың параметрлері өзгеріссіз сақталғандықтан төлем терминалдарына қосымша конфигурация жасау қажет емес.

100 теңгелік номиналдың әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы 175 000 дана.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз