Ұлттық банкте төраға орынбасары ауысты

0
76

Жанат Құрманов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл қызметке Құрманов Жанат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен тағайындалды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз орталығы.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Жанат Құрманов «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған.

55 жастағы Құрманов әр жылдарда реттеу және лицензиялау басқармасының басшысы, директордың орынбасары, сақтандыру қадағалау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк және сақтандыруды қадағалау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2002 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар Жанат Құрманов «Жинақтаушы зейнетақы қоры», «Бірыңғай жинақтаушы Зейнетақы қоры» АҚ бас директорының орынбасары, ал 2008 жылы «Тұрғын үй жинақ банкі»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды, 2016 жылдың наурызында «Қазақстан қор биржасы »АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған.

Фото: интернет желісінен алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз