“Лукойл” Қазақстан экономикасына 9 млрд доллар бөлген

0
52

19 ақпан күні Қазақстан Президенті “Лукойл” мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Кездесуде мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

– Біз “Лукойл” компаниясымен бұрыннан бірге жұмыс істеп келеміз. Компанияларыңыз  Ресейдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Сондай-ақ,  Ресейдің Қазақстандағы маңызды инвесторларының бірі саналасыздар. “Лукойл” біздің экономикамызға 9 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция бөлді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысына Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі “Жеңіс” жобасын бірлесе іске асыруға қатысты жоспар туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

“Лукойл” мұнай компаниясының президенті Қазақстан аумағындағы жағармай материалдарын шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарының нәтижелері жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевқа мәлімет берді.

– Кәсіпорынның жоспарланған қуаты жылына 100 мың тонна болады. Заманауи зауыт жағармай материалдарының барлық түрін, атап айтқанда, 700 өнімді түрлі атаулармен шығаратын болады, – деді В.Алекперов.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз