Оңтүстік Қазақстаннан Чехия мен Үндістанға мақта экспортталады

0
128

Оңтүстік Қазақстан облысының мақта талшығы Чехия мен Үндістанға экспортталатын болады деп хабарлайды, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы іске қосылған, тәулігіне 40 тонна мақта өнімін алатын «Мырзакент» мақта зауыты кәсіпорыны биылғы жылы 60 мың тонна мақта талшығын өңдеуді жоспарлап отыр.

«Күнделікті алынған мақта өнімдері Шымкенттегі тоқыма зауытына жіберіліп отырады. Ал мақта талшықтарының профициті Үндістан мен Чехияға экспортталады», – дейді Мырзакент зауытының басшысы облыс әкімінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Зауыттың бас инженері Асылбек Жамаловтың айтуынша, қолға алынған жоба 2013 жылы облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданып индустрияландыру картасына енгізілген.

Өңірдегі басқа мақта зауыттарымен салыстырғанда «Мырзакент» мақта зауытының еңбек өнімділігі 30%-ға жоғары. Зауыттың жалпы құны қазіргі таңда Т1 млрдты құрайды.

Сондай-ақ биыл Мырзакент зауыты жаңа америкалық зауыттың арқасында мақта талшығының өңделуінде рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін екенін мәлімдейді. Монтаждаудың арқасында еңбек өнімділігі 30%-ға жоғарласа, сапалы талшықтың өнімділігі 30%-дан асып түседі, ал энергияны тұтыну 25-30% төмендеп жатқан болса, мақтаны өңдеуге кететін уақыт 30%-ға қысқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз