Қостанай облысына белсенді түрде инвестиция таратылуда

0
60

Қостанай облысы өңірлерге белсенді түрде инвестиция таратуды бастады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов баяндады.

Архимед Мұхамбетовтың мәлімдеуінше өңірдің экономикасына 166,1 млрд.теңге инвестиция салынды, оның өсімі 10,6% – деп хабарлады әкім, бұл ретте сыртқы инвестиция өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артқан.

Жалпы, экономиканы дамыту инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты. Барлығы сомасы 2,2 трлн. теңгенің 40 жобасы, оның ішінде 1,4 трлн. теңгенің 13 жобасы шетелдік қатысумен пысықталып жатыр.

Өңір басшысы, бұл жобалар негізінен құрылып жатқан «индустриалдық аймақта» іске асырылады деп хабарлады, ол үшін облыс қажетті инфрақұрылым жасап жатыр. Сонымен қатар, оны толтыру жұмыстары
жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның аумағында 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 1,2 трлн. теңгенің 11 жобасын орналастыру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта «индустриалдық аймақ» аумағында ресей инвесторы «Композит Групп» Холдингі «Беларус» маркалы тракторлары мен тоңазытқыш жүйелерін шығару өндірісі орнатылған құрастыру цехы салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз