Қазақстан экономикасының өсімі 8 айда 4,3%-ды құрады

0
50
фото ашық дереккөздерден алынды

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,3% құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

«Шілде айынан кейін 4%-ға бәсеңдеген экономикалық өсім осы жылдың сегіз айында 4,3%-ға өсті. Сыртқы сауда үштен бірге артса, инфляция баяулап, межеленген дәліздің шегінде тұр. Осы тұрғыдан Moody’s және S&P рейтинг агенттіктері (елдің) тәуелсіз несие рейтингін жағымсыздан тұрақтыға дейін жақсартты», – деп мәлімдеді Дәленов.

Оның айтуынша, шикізаттық емес сектордың үлесі 2,3 пайыздық тармақты құраса, ал тауарлық сегменттің үлесі 1,6 пайыздық тармаққа жетті.

Вице-министр атап өткендей, алты негізгі саланың төртеуінде яғни өнрекәсіп, сауда, көлік және қойма, ақпарат және байланыста даму қарқыны байқалса, екі салада (құрылыс және ауыл шаруашылығы) даму қарқыны бәсең болды.

Даленовтың айтуынша, өңірлік тұрғыда барлық аймақта негізгі көрсеткіштердің өсу динамикасы байқалады. Сонымен, ауыл шаруашылығында барлық жерде 0,3%-дан 5,6%-ға дейін өсу болды.

«Маңғыстау және Қызылорда облыстарында өнеркәсіп сәйкесінше 0,2 және 3,6% төмендеді, құрылыста сәйкесінше – 20 және 32,4 % төмендеу байқалды. Қарағанды және Алматы облыстарында құрылыс көлемі тиісінше 4,6% және 13,7%, негізгі капиталға салынған инвестициялар тиісінше 21,2% және 22,7% төмендеді», – деп атап өтті Даленов.

Мұнымен қоса, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тек бір-бір көрсеткіш бойынша төмендеуі байқалады, құрылыста – 8,6%, негізгі капиталға салынған инвестициялар сәйкесінше – 7,2%.

«Өңдеуші сектордағы іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуі аясында қызмет көрсету секторындағы тұрақты өсудің траекториясына біртіндеп ену байқалады. Ағымдағы жылдың сегіз айында көлік қызметі 4,7% -ға, сауда және коммуникация 2,9%-ға өсті», – деп түйіндеді вице-министр.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз