«Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға әсер етеді»

0
117
дереккөзден

Ресейге АҚШ салған санкциялар салдары Қазақстан экономикасына әсер етеді. Бұл айқын, себебі, Ресейдің етегінен ұстап отырған және Еуразиялық одақтың құрамындағы мемлекеттерге аталған санкцияның салқыны тиеді. Ресей санкция әсер етпейді деп тыраштанғанымен, әсері зор болмақ және мұның салдары келер жылы айқын білінеді, дейді саясаткер Дос Көшім kazaknews.kz тілшісіне берген сұхбаты барысында.

Саясаткердің пікірінше, санкцияның әсері бір-екі айда білінбейді, бір-екі жылдан кейінгі әсері дегенмен, айқын сезіледі. Себебі, тозған техникалардың жаңасын алу, орынын ауыстыру немесе сатып алу процесіне АҚШ тікелей ықпал етеді, аталған тауарларды АҚШ бермейді. Салдарынан Ресейде экономикалық құлдырау орын алады, ал Қазақстанға бұл экономикалық салқындық өз деңгейінде әсер етпек.


Жылдың басында АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Кеңейтілген тізімге 21 жеке тұлға мен 21 ресейлік ұйым енген.

BBC орыс редакциясы таратқан ақпарға сәйкес, Қырым аннексияланып, Донбасста әскери қақтығыстар басталғаннан бері АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын (2014 жылдан бері ) кеңейтіп келеді.

Өткен жылы президент Дональд Трамп АҚШ жаңа санкциялар енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

Америка қаржы министрлігінің сайтында жарияланған санкцияға ілккендер тізімінде миллиардер Алексей Мордашовтың «Силовые машины» компаниясы, «Ростех» құрамындағы «Технопромэкспорт» компаниясы да бар.

Тізімге сонымен қатар Doncoaltrade поляк компаниясы, ірі кеніштер мен өндірістерді біріктіретін «Внешноторгсервис» компаниясы, «Газ-Альянс», «Евро Полис» компаниялары енгізілген.

Бұдан өзге санкцияға түскен тізімге «Сургутнефтегазбен» байланысты 12 компания енген.

Ал санкцияға аты-жөндері енгізілген жеке тұлғалар қатарында Ресей энергетика министрінің орынбасары Андрей Черезов пен электр энергетикасы саласында операциялық бақылау және басқару департаментінің директоры Евгений Грабчак пен «Технопромэкспорт » жетекшісі Сергей Топор-Гилка бар.

Қаңтарда Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қаржы министрлігі Конгресс назарына «Кремль баяндамасын» ұсынды, онда 210 кісінің есімі бар. АҚШ «Кремль тізіміне» ресейлік 114 ірі шенеунік пен мемлекеттік компаниялардың басшысы, сондай-ақ 96 олигархтың есімі енгізілді.

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз