“Сергек” бақылау камераларында айыппұлдарыңыз бар ма?

0
90

 

Астана көшелерінде «Сергек» бейнебақылау камераларының орнатылғаны белгілі. Сергек 24 күннен бері іске қосылса да жол ережесін бұзған немесе айыппұл төлеген жүргізушілер тіркелген жоқ. Себебі бақылау камералары арқылы жол ережесін бұзу фактілерінің азайып-көбейгенін немесе айыппұл көлемінің артып-кемігеніні  30 күн көлемінде белгілі болады. informburo.kz

Жол ережесін «Сергек»-тің алдында бұзсаңыз ішкі істер депортаменті (ІІД) ақпараттық базада нөмірі бар азаматтарға айыппұл туралы  sms-хабарлама жолдайды.

Ал базада нөмірі тіркелмеген жүргізушілерге айыппұл туралы хабарлама тіркелген мекен-жайына хат арқылы жолданатын болады.

Айыппұлды төлемеген (айыппұлды дер кезінде төлеуге қандай да бір жайттар кедергі болған) жағдайда, аты-жөніңіз мемлекетке қарыз адамдардың тізіміне еніп кетер болса, шет елге сапарға шығуда кедергі болады.

«Сергек» камералары қазіргі уақытта  үш түрлі жол ережесін бұзу фактісін тіркейтін болады. Соның бірі Stop сызығынан өткен жүргізушілерге арналған болса, енді бірі, автобусқа  арналған жолақпен жүргендер мен жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілер.

Мұның екеуіне жол инспекторлары бақылау камерасының бейнетаспасын бірнеше рет қарап қана шешім қабылдайтын болса, жылдамдықты асырған жүргізушілер дер кезінде айыппұл төлейтін болады.

Астанада бүгінгі таңда  жылдамдықты асырған жүргізушілерді суретке түсіретін сергектен бөлек екі камера бар. Бірі Сары түсті “Red speed” камерасы болса, екіншісі сұр түсті «Vocord” камерасы. Бұл екеуі де Астананың аязында қар басып, қатып қалады. Ал «Сергек» камералары ауа райының келеңсіздіктеріне қарамастан  тәулігіне 24 сағат тоқтамай жұмыс жасайтын болады.

Жол полициясы sms-хабарлама немесе хат күтіп жатпай-ақ  көліктің нөмірін онлайн жүйеде тексеріп тұруды ұсынады.

Ереже бұздым деп күмәнданар болсаңыз, кемінде үш аптадан кейін айыппұл алған немесе алмағаныңызды qamqor.gov.kz  порталынан жеке көлігіңіздің нөмірі арқылы тексеріп біле аласыз.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз