“Өзбекстан 5 миллион тонна мұнайды Қазақстаннан алуы мүмкін”

0
40
Қанат Бозымбаев.

20 ақпан күні Мәжілістегі жалпы отырыста Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы энергетика саласындағы кейбір келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Жиында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Өзбекстанның Қазақстаннан 5 миллион тонна мұнай алуы қарастырылып жатқандығын айтты. 

“Қазақстан алдағы уақытта Өзбекстанға мұнай жеткізуге дайын. Көрші елге мұнай Шағырдағы теміржол станцияларында ауыстырып тиеу арқылы Құмкөл мұнай құбыры бойынша жеткізіледі. Қазір осы бағыттағы тариф 1 тонна үшін шамамен 25 АҚШ долларын көрсетеді. Қазіргі таңда Өзбекстан тарапының сұрауына сәйкес Ресей жылына 1 миллион тонна мұнай жіберуді қарастырып жатыр. Қазақстан бұл екі елдің арасында транзиттік тарап ретінде қалады. Мұны біз бірнеше рет сынап көрдік. 2017 жылы 68 мың тонна, өткен жылы 36 мың тонна мұнай транзитпен Ресей арқылы Өзбекстанға қарай өтті. Өзбекстан жылына 5 млн тонна мұнай сатып алуды жоспарлауда. Олар Қазақстаннан 2 млн, Ресейден 3 млн тонна алуға мүдделі. Айта кетейін, бұл 5 млн тоннаны Қазақстаннан алуы да қарастырып жатыр. Алайда, Өзбекстанға 5 млн тонна мұнайды тұрақты жеткізу үшін көлік инфрақұрылымына біраз инвестиция қажет”, – деді министр Бозымбаев.

Министр Қазақстан мұнайын Өзбекстанға елдің батыс аймағындағы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан жеткізуге болатынын атап өтті.

Abdiamanp KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз