Жаһандық экономиканың басты қатерлері не?

0
179
дереккөзден

Швейцарияның Давос қаласында өтетін Жаһандық экономикалық форум сарапшыларының баяндамасында 2019 жылы экономиканың дамуына қатер төндіретін басты екі қауіп аталды. Олардың біріншісі – сауда қақтығысы,  екіншісі – жаһандық геосаяси шиеленіс.

Форумға қатысатын ғалымдар, экономистер және билік өкілдерінің пікірі халықаралық сауда өзара тиімді пайда алудан “стратегиялық бәсекелестіктің құралына айналып бара жатыр” дегенге саяды. Алдағы айлар халықаралық сауданың болашағында шешуші кезең болады, дейді Жаһандық экономикалық форум президенті Борге Бренде.

Сондай-ақ, жаһандық экономикаға төнген қатер ретінде климаттың өзгеруі мен кибершабуылдар қарастырылды. Авторлар жаһандық дамудың шыңға шыққанын, алайда жақын арада баяулауы ықтимал екендігін алға тартады.  Жаһандық экономикалық форум 22-25 қаңтар аралығында Швейцарияның шығысындағы Давос қаласында өтеді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз