2018 жылы қанша астаналық баспаналы болды?

0
41
с источника

2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 23 460 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Астана қаласы құрылыс және тұрғын үй басқармасында мәлімдегендей, барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйдің 2 378 мың шаршы метрі, яғни 23 460 пәтер пайдалануға берілді.

2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспананың 109 мың шаршы метрі (1 419 пәтер), оның ішінде кредиттік тұрғын үй – 47,2 мың ш/м, немесе 481 пәтер, жалдамалы тұрғын үй – 15,1 мың ш/м, немесе 154 пәтер, пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша – 47 мың ш/м, немесе 784 пәтер пайдалануға беріген.

Сонымен қоса, жалпы ауданы 352 мың шаршы метрді құрайтын немесе 4 558 пәтерлік 15 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, оның ішінде осы жылы жалпы алаңы 235,6 мың ш/м тұрғын үйді беру (3 106 пәтер) жоспарланған. Оның ішінде кредиттік тұрғын үй ТҚЖБ салымшылары үшін баспананың 82,5 мың ш/м (903 пәтер), жалға берілетін тұрғын үйдің 59,1 мың ш/м (731 пәтер), апатты жағдайдағы үйлерді сүру пилоттық жобасы бойынша – 94,1 мың ш/м (1 472 пәтер) тапсырылады деп күтілуде.

Астана «7-20-25» бағдарламасы аясында несие беру бойынша республикада ең жоғары көрсеткішке қол жеткізе алды. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бастап 37 млрд теңге сомасында 2 591 өтініш түсті, оның ішінде 23,6 млрд. теңге сомаға 1 628 өтініш мақұлданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз