2050 жылға дейін ірі қалаларда тұрғындар саны артуы тиіс

0
385
дереккөзден

2050 жылға дейін тұрғындар саны Алматыда 2,5 миллионға, Астанада 2 миллионға, Шымкентте 1,5 миллионға жетуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті 5 сәуірде өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес барысында мәлімдеді.

Бұл қалалардың өсіп-өркендеу мекеніне айналып отырғанын алға тартқан президент, аталған қалаларда әлемдік деңгейде қызмет көрсетілетін болады деп түйіндеді. «Басқа қалалардың да өздерінің даму бағдарламалары болуға тиіс. Үкімет бұл мәселені зерттеуі қажет», – дейді мемлекет басшысы.

Халықтың қауіпсіздік мәселесі де жиын барысында тасада қалмады. Президент Кемерово қаласында болған қайғылы жағдайды еске салып, халықтың қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Сафина Саид

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз