4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

0
1,114

 

“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес атаулы күн мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер қатарына Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз