40 шақырымға жүгіруде кениялық желаяқ топ жарды

0
96

Бүгін Астанада жыл сайын өткізілетін Astana Marathon-2017 қайырымдылық марафонының жеңімпаздары марапатталды.

Марафонда 42 шақырымды алғашқы болып еңсеріп өткен кениялық  Саймону Кипрогут Кируй (Simon Kiprugut Kirui) жеңіске жетті. Оған ақшалай жүлдені Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев арнайы табыстады. Екінші орын  кениялық Генри Кипсангуға (Henry Kipsang) бұйырса, кезекті үшінші орынды отандасымыз Талдықорғандық Алмат Имашев жеңіп алды. Ал әйелдер арасында сәйкесінше бірінші орын Гүлжанат Жанатбекке, екінші орын Ақмарал Мейірманға, үшінші орын Мария Кирееваға бұйырды.

Ерлер арасында 21 шақырымды еңсеруде жеңіске жеткен Алексей Гусаров болса, екінші орын Құдайберген Зейноллаевқа, ал үшінші орын Евгений Медведниковқа бұйырды. Ал әйелдер арасында 21 шақырымға жүгіруде оза шапқан Дана Айдосова болды, Ольга Богомольская (екінші орын) мен Алейша Уон (үшінші орын) сәйкесінше, екінші және үшінші орындарды бөліске салды.

Ал 10 шақырымға жүгіруден ерлер арасында топ жарған Бейбіт Серіков болса, екінші орын Ерасыл Мұқатайға, үшінші орын Артём Чижевскийге бұйырды. Ал әйелдер арасында Жақсыгүл Мұсырмау (бірінші орын), Евгения Булгакова (екінші орын), Перрин Бера (үшінші орын) топ жарды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және әлемнің кез келген түкпіріне ұшып баруға мүмкіндік беретін авиабилеттермен марапатталды.

Атап өтсек, бүгінгі марафонға 4,5 мың адам қатысты, соның ішінде АҚШ, Германия, Австралия, Ұлыбритания, Қытай, Ресей т.б. 19 шет мемлекеттен де бақ сынағандар болды. Сонымен қатар, мемлекеттік орган жетекшілері, мүмкіндігі шектеулі жандар да марафонға белсене қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз