Ақмола облысында бұрынғы ауыл әкімі сотталды

0
137
дереккөзден

Ақмола облысы Курское ауылының бұрынғы әкімі Владимир Рогозный 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Экс-әкім өзінің ауылдасы 49 жастағы Баржақсы Жәмішевтің өлімінде айыпталған еді. Бұл туралы Interfax-Kazakhstan хабарлайды.

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты Владимир Рогозныйды ҚР Қылмыстық Кодексі 160 бабы, 3 тармағына сәйкес “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу” бойынша айыпты деп таныды. Экс-әкім жазасын орта тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Сондай-ақ В. Рогозный қаза тапқан Баржақсы Жәмішевтің отбасына 5 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс.

2018 жылдың 17 мамырында көлік жүргізу құқығынан айырылған Владимир Рогозный мас күйінде көлік тізгіндеп, ұсталған. Сол күні ауыл әкімінің көлігінде бірге келе жатқан Курское ауылының тұрғыны Баржақсы Жәмішев қаза табады.  Рогозный Жәмішев өзі автокөліктен секіріп кетті деп мәлімдеді. Полиция бұл іс бойынша бастапқыда суицид деген нұсқаны алға тартты.

В. Рогозныйге қатысты “Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу” және “Көлік жүргізу құқығынан айырылса да мас күйінде көлік тізгіндеу” баптары бойынша іс қозғалды. Ақмола облысы әдеп бойынша кеңесі ауыл әкімін қызметінен аластату туралы ұсыныс айтқан еді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз